ДАИШ Иранға шабуылдайтынын жариялады

Террор ұйымы ДАИШ жаңа бір бейне көрініс жариялап, Иранды шабуыл жасаумен қорқытты.

787594
ДАИШ Иранға шабуылдайтынын жариялады

Бейне көріністе жүздері маскамен жамылған ДАИШ террористтері қолдарында ұстаған калашников автоматтарымен Иранның бас қаласы Тегеранға шабуылдайтындарын алға тартты.

Сөйлеген террористтің парсы тіліндегі акценті назар аударды.

Бейне көріністе сондай-ақ Тегеранда маусым айында 18 адам қаза тапқан 2 шабуылды ДАИШ-тің мойындағанын еске салды.

ДАИШ көпшілігі шиіт мұсылмандардан тұратын Иранды аймақтағы ең маңызды дұшпандардың бірі ретінде қабылдайды.



Ұқсас жаңалықтар