Ислам әлемінің Жастар астанасы Иерусалим болады

Хаттамаға Стамбулда қол қойылды.

783145
Ислам әлемінің Жастар астанасы Иерусалим болады

2018 жылдың Ислам әлемі Жастар астанасы Иерусалим болды.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Диалог және ынтымақтастық жастар форумының төрағасы Елшад Искандаров «Осындағы мақсатымыз – Ислам әлемінің түкпір-түкпірінен Иерусалимге жастар келіп,  қаладағы қасиетті мекендерді жалғыз қалдырмау, Иерусалимнің Ислами ерекшеліктеріне толық қолдау беру» деді.

2018 жылдың Ислам әлемі Жастар астанасы болуына байланысты хаттамаға Палестина Жастар және спорт министрі Жибрил Ражуб пен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Диалог және ынтымақтастық жастар форумының төрағасы Елшад Искандаров Стамбулда қол қойды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Искандаров Ислам әлемінің Жастар астанасының 2016 жылы Стамбул болғанын, биыл осы міндетті Малазия, Марокко және Иран қалаларының атқарғанын еске салды.

Жастар астанасы бағдарламасы арқылы Палестина жастары үшін ықпалды әсер қалдыру, айырықша Ислам әлемінде Иерусалим проблемасына бағытталған ұйымшылдықтың артуы мақсат етіледі.



Ұқсас жаңалықтар