БҰҰ келісімге шақырды

БҰҰ «өзара қабылданатын шешім» іздеуге шақырды.

776920
БҰҰ келісімге шақырды

БҰҰ Катар мен кейбір араб елдері арасындағы дағдарыста тараптарды «өзара қабылданатын шешім» іздеуге шақырды.

БҰҰ бас хатшысының баспасөз өкілдерінің бірі Фархан Хак күнделікті брифингте Бас хатшы Антониу Гутеррештің Катар әмірі Шайх Темим бин Хамад әл Санидің «диалогқа дайынбыз» деген мәлімдемесін жылы қабылдағанын айтты. Осындай мәлімдемелердің тараптардың талқылау арқылы келіспеушіліктерді дайын екенін көрсететінін білдірген Хак «Бас хатшы тараптарды диалог құруға және өзара қабылданатын шешім іздеуге ынталандырады» деді.

Катар және кейбір араб елдері арасындағы дағдарыс 5 маусым күні Сауд Арабиясы,  Мысыр,  Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн әкімшіліктерінің Катармен дипломатиялық қатынастарын үзуімен басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар