АҚШ-тан шақыру

АҚШ тараптарды тыныш болуға шақырды.

774867
АҚШ-тан шақыру

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Heather Nauert Акса мешіті маңында артқан қызудың төмендетілуі үшін Израиль мен Палестинаға шақыру тастады. «Екі жақты да келіспеушілікті арттыратын қадам баспауға шақырамыз» деді ол.

Баспасөз хатшысы «Израильдің аймаққа көптеген метал дедектор және әскер әкелуі келіспеушілікті арттыратын бір фактор емес пе?» деген сұраққа «Екі жақты да келіспеушілікті арттыратын қадам баспауға шақырамыз.  Мұның өте нәзік жағдай екенін білеміз. Сондықтан оқиғаларды жіті бақылап отырмыз. Сөздерімді мұқият таңдап сөйлеп отырмын,  себебі қызудың артуын қаламаймыз.  Қазіргі мемлекеттік мәртебелерді қолдаймыз және сақталып қалуы керек деп ойлаймыз» деп жауап берді.

Баспасөз хатшысы АҚШ билігінің тараптармен сөйлесіп, оқиғаның тынышталуы үшін жұмыстанғанын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар