АҚШ FETÖ-ні есебінде жазды

Терроризм 2016 есебінде Фетуллахшы террор ұйымы бірінші рет атап өтілді.

774123
АҚШ FETÖ-ні есебінде жазды

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің Терроризм 2016 есебінде Фетуллахшы террор ұйымы бірінші рет атап өтілді.

Есептің Түркия бөлімінде Түркияның PKK және ДАИШ террор ұйымдарымен күресті жалғастырғанына назар аударылып,  2016 жылы Түркияда болған басты лаңкестіктерге орын берілді.

ТР Қауіпсіздік кеңесінің Фетуллахшы террор ұйымы FETÖні 2016 жылдың 26 мамыр күні террорлық ұйым ретінде атағаны айтылды.  «Үкімет 240-тан астам адам қаза тапқан, 2100-ден астам адам жарақат алған 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне Гүлен қозғалысы жауапты деп есептейді» деп жазылды.

Түркияның террор ұйымдары және шетелдік террористтермен күресін де жалғастырғаны атап көрсетілген есепте Анкара әкімшілігінің терроризммен күрес аясында басқан қадамдары да тізіп айтылды.

Айырықша Түркияның ДАИШ-ке қарсы тамыз айында басталған «Евфрат қалқаны» операциясы мен ДАИШ-пен жаһандық кұрес коалициясына белсенді қатысуы есептегі маңызды тақырыптар қатарында орын алды.

Есепте PKK-ның Сириядағы жалғасы болып табылатын PYD/YPG террор ұйымы ретінде аталмады. «Түрік үкіметі ел ішіндегі кейбір ұйымдарды террорлық ұйым деп жариялады.  Бұл ұйымдар Түрік Хизбулласы, Түркия Коммунистік партия/Марксист-Ленинист, Түркия жұмысшы азаттық армиясы және Марксистік Ленинистік Коммунистік партия. Түркия айырықша Сириядағы PYD мен оның қарулы қанаты YPGні PKK-ға жақын террорлық ұйым деп есептейді» деп айтылған.



Ұқсас жаңалықтар