Үндістанда су тасқынында жұмғандар саны 76-ға көтерілді

Үндістан үкіметі сел апатынан кейін іздеу және құтқару жұмыстарын тездетуде.

772292
Үндістанда су тасқынында жұмғандар саны 76-ға көтерілді

Үндістан үкіметі сел апатынан кейін іздеу және құтқару жұмыстарын тездетуде.

Үндістанда су тасқыны құрбандарының саны артты. Табиғи апатта жан құшқандар саны 76-ға көтерілді.

Лауазымдар сел апаты салдарынан тағы 8 адамның дүниеге көз жұмғанын білдірді.

Топан судан елдің шығысындағы Ассам провинциясы аса қатты зардап шеккен. Мұнда 2 жарым мың ауылды су басты. Өткен апта провинцияның Қытай шекарасындағы бір ауылда болған лай көшкінінде кем дегенде 5 адам ажал құшты. Айта кеткен жөн, елде жарты айдан бері жаңбыр жауып тұр. Салдарынан 60-қа жуық аудан су астында қалып, біраз өңірде лай көшкіні жүрген. Лауазымдар Ассам өзенінің әлі де қауіпті деңгейде екенін мәлімдеді.

Үндістан үкіметі сел апатынан кейін іздеу және құтқару жұмыстарын тездетуде. 



Ұқсас жаңалықтар