Урейкат Еуроодақты Палестина мемлекетін тануға шақырды

Палестина Азаттық Ұйымы Бас хатшысы Саиб Урейкат Еуроодақты Палестина мемлекетін тануға шақырды.

769740
Урейкат Еуроодақты Палестина мемлекетін тануға шақырды

Урейкат Халықаралық Әділет сотының «бөлшектеуші дуалмен» байланысты шешімінің 12-ші жылдығына орай Рамаллахтағы Келіссөз жұмыстары дирекциясы тарапынан ұйымдастырылған бір семинарға қатысты.

Еуродақты Израильді танығандай Палестина мемлекетін де тануға шақырған Урейкат Израильдің тұрғын аймақтары жобасының екі мемлекетті шешімді нәтижесіз қалдырудың негізгі себебі ретінде атап көрсетті.

Әл-Фатх әкімшілігі кеңесі мүшесі Насыр әл-Кудйе болса Халықаралық Әділет сотының тұрғын аймақтар және бөлшектеуші дуалмен байланысты қабылдаған шешімінің жойылмайтынын және мерзімінің өтіп кетпейтінін білдірді.

Кудйе халықаралық қоғамды Израильдің алға тартқан шындықтарға бағынып қозғалмауын талап етті.

Израильдің Палестина жеріндегі құрылыстарының 2002 жылы басталғанын және Батыс Шерия мен «Израиль шекараларын» айыруды нысанаға алған 700 шақырымдық дуал «бөлшектеуші дуал» деп аталады.

БҰҰ-ның сот органы Халықаралық Әділет соты 2004 жылы аталмыш дуалды заңдарға қарама-қайшы тауып, мұның «нәсілшілдікті арттырғаны» жөнінде көзқарас білдірген болатын.

Осыған қарамастан Израиль Батыс Шерияның оңтүстігіндегі Әл-Халил қаласы төңірегінде өткен жылы 42 шақырымдық жаңа дуал салған болатын.



Ұқсас жаңалықтар