Әбубәкір Әл-Бағдадидің өлтірілгені білдірілді

Әл-Сумария телеарнасы экстремистік ұйым ДАИШ (ИМ) басшысы Әбубәкір Әл-Бағдадидің өлтірілгенін растады.

768554
Әбубәкір Әл-Бағдадидің өлтірілгені білдірілді

Экстремистік ұйым ДАИШ (ИМ) басшысы Әбубәкір Әл-Бағдадидің өлтірілгенінің расталғаны білдірілуде.

Әл-Сумария телеарнасының Ирактың Нинова қаласындағы бір ақпарат көзіне сілтеген хабарына қарағанда ДАИШ террор ұйымының басшысы Әбубәкір Әл-Бағдадидің өлтірілгенін расталды.

Аталмыш ақпаратқа қарағанда ДАИШ Бағдадидің өлгенін растайтын және жаңа басшысының кім екені жарияланған қысқа бір мәлімдеме жасады.

Мәлімдеме қазірше кезкелген ирактық лауазымды тарапынан расталмады.

Ресей Қорғаныс министрлігі 28 мамыр күні орыс әуе күштерінің Сирияның Ракка қаласының оңтүстігіне жасаған әуе шабуылында әл-Бағдадидің өлтірілгенін жариялаған болатын.

Иран төңкеріс сарбаздары тарапынан да расталған өлім хабарына АҚШ Қорғаныс министрлігі «Бұл ақпаратты растайтын мәлімет жоқ» деп пайым жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар