ЮНЕСКО Израильдің қазба жұмыстарын айыптады

ЮНЕСКО қабылдаған заң жобасымен Израильдің Иерусалимде егемендік құқығы жоқ екенін білдірді.

764990
ЮНЕСКО Израильдің қазба жұмыстарын айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ғылым және Мәдениет ұйымы (ЮНЕСКО) маңызды бір шешімге қолтаңба қалдырды.

Польшаның Краков қаласында жиналған 41-ші ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысаналары комитеті Израильдің Иерусалимдегі егемендік құқығы мен жүргізген заңсыз қазба жұмыстарын айыптаған бір заң жобасын қабылдады.

Жобада Израильдің Иерусалимде егемендік құқығы жоқ екенін атап көрсетті.

Сондай-ақ жоба мәтінінде Израильдің көне қалада археологиялық қазбалар жүргізуін айыптады.

Араларында Түркия, Әзірбайжан және Индонезия бар 10 ел жобаның қабылдануы жөнінде дауыс берді.

Филиппиндер, Ямайка және Буркина-Фасо болса «қарсы» дауыс қолданды.

ЮНЕСКО Атқару кеңесі мамыр айында Израильді басқыншы күш ретінде қабылдаған заң жобасын дауысқа салып, қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар