Ердоған мен Мұхаммед әл-Атие кездесті

Мұхаммед әл-Атие мемлекетінің қажетті болған кезде қорғануға дайын екенін айтты.

763133
Ердоған мен Мұхаммед әл-Атие кездесті

Катар Қорғаныс министрі Халид бин Мұхаммед әл-Атие мемлекетінің қажетті болған кезде қорғануға дайын екенін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Катар Қорғаныс министрі Халид бин Мұхаммед әл-Атие Стамбулда кездесті.  Катар министрі  Sky News Britain каналына сұхбат берді.

Катар қорғаныс министрі әл-Атие «Әскери килігу деңгейіне келмеуді үміт етеміз. Алайда біз әрқашан дайынбыз. Мемлекетімізді қорғаймыз» деді.

«Катар тарих бойынша оңай жаулап алынатын бір ел емес» деген сөз қолданған Атие Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Мысырдың талаптарының мемлекеттің егемендігіне шабуыл мағынасына келгенін айтты.

Катар министрі қысым жасаған елдердің мемлекетіне бағытталған «террорға қолдау және сыңар жақты стандарт атқару» деген айыптауларын қабылдамады.

         



Ұқсас жаңалықтар