Еуропа Одағы Ресейге жасалған шектемесін ұзартты

Еуропа Одағы Ресейдің белгілі секторына жасаған экономикалық шектеме мерзімін 6 ұзартты.

761190
Еуропа Одағы Ресейге жасалған шектемесін ұзартты

Еуропа Одағы Украинаны тұрақсыз жағдайға түсіргені себепті Ресейге жасаған экономикалық эмбарго мерзімін тағы 6 ұзарту шешімін жасады.

Еуропа Одағы Кеңесі Украинаны тұрақсыз жағдайға түсіргенін себепті белгілі секторларға бағытталған экономикалық қысымдарының ұзартылуы жөнінде шешім жасағанын білдірді.

Осы шешімге Ресей жауап қайтарды.

Кремль баспасөз мәлімдемешісі Дмитрий Песков Мәскеудің Еуропа Одағының шара қолдану шешіміне тойтарыс беретінін атап өтті.

Қазіргі шаралардың уақыты 2017 жылы 31 шілде күні толады. Жасалған шешім арқылы Ресейге аталмыш экономикалық шектеме 2018 жылы 31 шілде күніне дейін ұзартылды.

Ұзартылған экономикалық санкциялар бойынша Еуропа Одағының 28 елі Ресейге қару сата алмайды.

Санкциялар арқылы Ресейдің мұнай және газ секторларында қолданылған кейбір технологиялары Еуропа Одағы елдерінен алынуы шектеледі. Сонымен қатар Ресей мемлекеттік банктері Еуропада қаржы секторымен байланыс жасай алмайды.



Ұқсас жаңалықтар