Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкциясын тағы 6 ай ұзартты.

Экономикалық санкциялар бойынша Еуропа Одағының 28 елі Ресейге қару сата алмайды.

758222
Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкциясын тағы 6 ай ұзартты.

Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкциясын тағы 6 ай ұзартты.Еуропа Одағы Украинаны тұрақсыз жағдайға түсіргені себепті Ресейге жасаған экономикалық эмбарго мерзімін тағы 6 ұзарту шешімін жасады.

Бельгияның астанасы Брюссельде жалғасып жатқан Еуропа Одағы лидерлер саммиті барысында Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Дональд Туск  Твиттер арқалы мәлімдеме жасады.

Дональд Туск мәлімдемесінде «Шешім жасалды. Ресейдің Минск келісімін атқаруда жеткіліксіз болғаны себепті Еуропа Одағы экономикалық эмбарголарын ұзатты» деген сөздер қолданды.

Ресей 2014 жылы 18 наурызда Қырым Республикасын  Ресей құрамына қосу туралы шешім жасаған еді.

Қырымның Ресей тарапынан басып алынуы және Украинаның шығысында шыққан оқиғалардан кейін Еуропа Одағы, Америка Құрама Штаттары және кейбір елдер Ресейге қарсы эмбарго қоя бастаған болатын.

Ұзартылған экономикалық санкциялар бойынша Еуропа Одағының 28 елі Ресейге қару сата алмайды.

Санкциялар арқылы Ресейдің мұнай және газ секторларында қолданылған кейбір технологиялары Еуропа Одағы елдерінен алынуы шектеледі. Сонымен қатар Ресей мемлекеттік банктері Еуропада қаржы секторымен байланыс жасай алмайды.  

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар