АҚШ пен Катар келісімге келді

Екі ел әрі ұшақ келісіміне келді, әрі ортақ жаттығу өткізеді.

753094
АҚШ пен Катар келісімге келді
abd savas gemisi.jpg

12 миллиард долларлық бомбалаушы ұшақ алу үшін Катар АҚШ-пен келісімге келді.

Катар Қорғаныс министрлігінің хабарламасында келісімге қол қою үшін Қорғаныс министрі Халид бин Мұхаммед әл Атиенің кеше АҚШ бас қаласы Вашингтонда АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен бас қосқаны айтылды.

Хабарламада «АҚШ-та 42 штатта 60 мың адамды жұмыспен қамтитын» келісімнің «аймақ және одан басқа жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылыққа қолдау беретіні және радикализмге қарсы жақын стратегиялық ынтымақтастық қамдайтыны» айтылды.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің хабарламасында болса «Келісімнің Катардың қорғанысына керемет үлес қосатыны және АҚШ пен Катар арасындағы өзара қауіпсіздікке бағытталған ынтымақтастықты арттыратыны» атап көрсетілді.

Келісім кейбір араб елдерінің Катарға бағытталған дипломатиялық және экономикалық эмбаргосынан кейін келді.

АҚШ президенті Дональд Трамп та шығанақтағы дағдарысқа байланысты Катарға қарсы шыққан елдерге қолдау көрсеткен болатын.  Трамп Доха әкімшілігін «террорлық ұйымдарға қаржы қамдады» деп айыптаған еді.

Өткен жылы АҚШ Конгресінде Катардың 21 миллиард долларлық F15 ұшақ алу келісімі бекітілген болатын. Вашингтондағы аталмыш келісім осы аяда жүзеге асты.

Осы арада Катар мен АҚШ ортақ жаттығу өткізеді. Катар Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың екі кемесінің Доханың оңтүстік шығысындағы Хамад халықаралық портына жеткенін білдірді.

Бірақ жаттығудың қашан басталатыны жөнінде мәлімет берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар