АҚШ президенті сотқа берілді

Мэриленд және Вашингтон штаттарының баспрокуратуралары АҚШ президенті Трампты сотқа берді.

751376
АҚШ президенті сотқа берілді

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Конгресстің рұқсатынсыз «шетел кірістері» қауесетімен Мэриленд және Вашингтон штаттарының жергілікті әкімшіліктері тарапынан сотқа берілді.

Вашингтон штаты бас прокуратурасы демократ Карл А. Рейсон мен Мэриленд штаты бас прокуратурасы демократ Брайн Е.Фрош ортақ баспасөз жиналысы өткізіп, Трамптың президент сайланған соң өзінің жеке кәсібін тастамағаны және шетел кірістерін жалғастырғаны қауесетімен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Екі прокурор сондай-ақ Трамптың қайтарған салық мөлшерін жарияламауының мәселе екенін атап көрсетті.

Мәлімдемеде Рейсон Трамптың бас қаладағы жеке кәсібі ретінде «International Otel» арқылы шетелден кіріс түсіргенін, мұны конгреске білдірмегенін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды бұзғанын алға тартты.

Рейсон «Мұның алдында ешбір президент атазаңның бұйрықтарына қарсы осыншама құрметсіздік жасамаған болатын» деп Трамптың президент сайланғаннан кейін тиісті заңдарға бағынбағанын алға тартты.

Ақ Үй әкімшілігі мәлімдемешісі Шон Спайсер болса екі прокурордың да демократ екенін, соттың негізсіз болғанын және тақырыппен байланысты мұның алдында көп рет мәлімдеме жасағандарын атап көрсетті.

Спайсер «Бұл сотты 'жоқ' деп есептеп, өз жұмысымызды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар