Ауғанстан мемлекет басшысы Талибанға шақыру тастады

Кабулда 23 елдің қатысуымен Халықаралық «Кабул кезеңі» конференциясы ұйымдастырылды.

749137
Ауғанстан мемлекет басшысы Талибанға шақыру тастады

Ауғанстан мемлекет басшысы Мохаммад Ашраф Ғани Талибанға шақыру жасады.

Кабулда 23 елдің қатысуымен Халықаралық «Кабул кезеңі» конференциясы ұйымдастырылды.

АҚШ, Түркия, Иран және Пәкістаннан бастап 23 елден өкілдер қатысқан конференция Кабулдағы соңғы шабуылдарда қаза тапқандарды үнсіз еске алумен басталды.

Конференцияның ашылу баяндамасын жасаған Ауғанстан мемлекет басшысы Мохаммад Ашраф Ғани ауған үкіметінің террормен күрес тақырыбында табанды екенін атап айтты.

Талибанға да үн қатқан Ғани «Талибан үкіметпен бейбіт келіссөздер жүргізгісі келсе, олардың офис ашуына рұқсат береміз. Бұл да Талибанның соңғы шансы болмақ» деді.



Ұқсас жаңалықтар