Комор аралдары Катармен дипломатиялық қатынастарын үзді

Комор аралдары Катармен дипломатиялық қатынасты үзген оныншы ел.

748458
Комор аралдары Катармен дипломатиялық қатынастарын үзді

Катармен дипломатиялық байланысын тоқтатқан елдер қатарына Комор аралдары да қосылды. Комор аралдары Катармен дипломатиялық қатынастарын үзді.Бұл туралы Комор аралдары Одағының Сыртқы істер министрлігінде айтылды.

Комор аралдары Одағы Шығыс Африкада және Мозамбик бұғазының солтүстік бөлігіндегі Үндістан мұхитында орналасқан. Комор аралдары одағы федеративтік президенттік республика болып табылады. Бұл Катармен дипломатиялық қатынасты үзген оныншы ел. Бұдан бұрын қатынасты Мавритания, Йемен, Ливия, Бахрейн, Мысыр, БАӘ, Сауд Арабия, Маврикий және Мальдия Республикалары тоқтатқан болатын.

Катар «Ислам мемлекетін» қаржыландырды деп айыпталуда. Бұдан басқа, Доха, олардың пікірінше, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласу әрекеттерін қабылдайды. Катар бұл айыпты теріске шығарып, мұның жалған екенін айтуда.



Ұқсас жаңалықтар