Вашингтон әкімшілігі террор ұймына қару жібергенін растады

Вашингтон әкімшілігі террор ұйымы ДАИШ-пен күрес аясында PYD/PKK террор ұйымына қару жібергенін мәлімдеді.

742774
Вашингтон әкімшілігі террор ұймына қару жібергенін растады

АҚШ Қорғаныс министрлігі бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-ге жеңіл қару, оқ-дәрі және көлік жібергенін мәлімдеді.

Пентагон мәлімдемешілерінің бірі мыңбасы Адриан Ранкин Голлавай «Сирия Демократиялық күштерінің күрд жауынгерлеріне жеңіл қару, оқ-дәрі және көлік жібергенін растаймын» деді.

Мыңбасы Галловай қарулар, оқ-дәрі және көліктердің моделі мен ерекшеліктерін бөліскісі келмеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп осы айдың басында Пентагонға Ракка операциясы аясында PYD/PKK-ға қару мен құрал-жабдық берілуін тапсырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар