Ауғанстандағы шабуылда 80 адам қаза тапты

Вазир Акбар Хан аймағындағы бомбалы шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 350 адам жарақат алды.

742652
Ауғанстандағы шабуылда 80 адам қаза тапты

Ауғанстанның бас қаласы Кабулда жасалған бомбалы шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 80 адам қаза тапты, 350 адам жарақат алды. қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар да бар.

Шабуыл Германия, АҚШ және Үндістан өкілетті елшіліктері маңында жасалды.

Вазир Акбар Хан аймағындағы бомбалы шабуылда ғимараттардың терезелері сынып, көптеген жұмыс орны мен көлікке зиян келді.

Аймаққа баратын жолдар көлік қатынасына жабылды.



Ұқсас жаңалықтар