Столтенберг НАТО саммиті шешімдерін жариялады

"НАТО-ның Халықаралық коалицияға толық мүше болуына шешім қабылдадық".

739667
Столтенберг НАТО саммиті шешімдерін жариялады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг одақтың Халықаралық ДАИШ-пен күрес коалициясына қатысуына шешім қабылдағанын, бірақ майданда соғыспайтынын білдірді.

Йенс Столтенберг Брюссельде өткен НАТО Мемлекет және үкімет басшылары жиналысының артынан қабылданған шешімдермен байланысты баспасөз жиналысы өткізді.

Столтенберг террормен күрес тақырыбында одақтың талпыныстарын арттыруға бағытталған бір операциялық жоба жайлы ортақ келісімге келгендерін білдірді.

ДАИШ-пен күрес коалициясына берілген  қолдауды арттыруға шешім қабылдағандарын атап көрсеткен НАТО Бас хатшысы бұл аяда ерте ескерту ұшақтарының одан көп ұшатынын, осы арқылы одан көп барлау бөлісетіндерін атап, «НАТО-ның Халықаралық коалицияға толық мүше болуына шешім қабылдадық. Коалицияда болу НАТО-ның соғысатыны деген мағынаға келмейді, бірақ біздің террормен жаһандық күреске деген уәдемізге қатысты бір жолдама болмақ» деді.

Одақтас мемлекеттердің қорғанысқа инвестиция салуға және одақта одан әділ бір жүк бөлісуді қамтамасыз етуді жалғастыратындарын атап айтқан Столтенберг одақтастардың одан көп қорғанысқа инвестиция салуымен байланысты уәделерді қалай орындайтыны жайлы жылдық жоспарлар жетілдіру тақырыбында келіскендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар