АҚШ Сенатында «Бүкіләлемдік қауіптер» отырысы болып өтті

PYD/YPG-ге берілген қару жәрдемінің Түрік-Американ ынтымақтастығына кері әсері күн тәртіпке келді.

737975
АҚШ Сенатында «Бүкіләлемдік қауіптер» отырысы болып өтті

Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы күрес жалғасып жатқанда, басқа бір террор ұйымына қару жәрдемі жасалуы АҚШ-та пікірталас туғызды.

Американ барлау ұйымы шефтеріне қарағанда Вашингтон әкімшілігінің ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы PYD/YPG-ге бағытталған саясаты Түрік-Американ ынтымақтастығына зиян келтіреді.

Тақырып АҚШ Сенаты Қарулы қызметтер комитетінде ұйымдастырылған «Әлемдегі қауіптер» тақырыпты отырыста күн тәртіпке келді.

Оңтүстік Каролина Сенаторы Республикашыл Линдсей Грахам отырыста Ұлттық барлау ұйымы директоры Дан Коатс және Қорғаныс барлау агенттігі директоры генерал полковник Винсент Стювартқа террор ұйымы YPG-ге берілген қолдаудың Түркиямен келісімсіздікке жол ашып ашпағанын сұрады.

Барлау шефтері «Саясатымыз бұл дағдарысқа себеп болуы мүмкін» деп жауап қайтарды.

Екі барлау шефінің мәлімдемелері АҚШ-тың Сирия саясатының аймақтағы дағдарысқа жол ашқанын тұңғыш рет ресми мекемелер тарапынан қабылдануы деп бағаланды.



Ұқсас жаңалықтар