Ұлыбританияда лаңкестік

22 адам қаза тапты.

737229
Ұлыбританияда лаңкестік

Ұлыбританияның Манчестер қаласының ең ірі концерт алаңында кеше жарылыс болып,  22 адам қаза тапты.  Елуден астам адам жарақат алды.

Премьер-министр Тереза Мэй оқиғаның «қорқынышты террорлық лаңкестік» екенін білдірді. Премьер-министр оқиғаның егжей-тегжейінің анықталуы үшін жұмыстанатындарын айтты.

Тереза Мэй 8 маусым күні болатын ерте сайлау үшін жүргізген сайлау науқанын тоқтатты.

Шабуыл американдық әнші Ариана Грандтың концерті біткен кезде болды.

Жарылыста қаза тапқандар арасында балалар да бар.

Лондонда дағдарыс үстелі қалыптастарылды. Ішкі істер министрлігі лауазым иелері Манчестер полициясымен бас қосты.

Осы арада Америка Құрама Штаттарының Лондондағы елшілігі Ұлыбританиядағы азаматтарына ескерту жасап,  өздерімен байланысқа өтуін сұрады.



Ұқсас жаңалықтар