Террор ұйымдары қақтығыс аймақтарында әйелдерді жәбірлеуде

Түркияның БҰҰ тұрақты өкілі орынбасары Гүвен Бегеч террор ұйымдарының әйелдерге жыныстық шабуыл жасағанын атап көрсетті.

732908
Террор ұйымдары қақтығыс аймақтарында әйелдерді жәбірлеуде

Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрақты өкілінің орынбасары Гүвен Бегеч бөлшектеуші террор ұйымы ПКК және оның Сириядағы тармағы PYD-нің ДАИШ пен Боко Харам сияқты әйелдер мен қыз балаларға қатыгездік пен жыныстық шабуыл жасағанын атап көрсетті.

Гүвен Бегеч БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі «Қақтығыстық ортада жыныстық шабуыл» тақырыпты отырысында айтқан сөзінде қақтығыстардың әйел мен қыз балаларға қатты әсер еткеніне, артып жатқан жыныстық шабуыл оқиғаларының соғыс тактикасы мен бейбіт халыққа бағытталған жүйелі бір шабуыл ретінде қолданылғанына назар аударды.

ДАИШ пен Боко Харам сияқты террор ұйымдарының әйелдерге және қыз балаларына бағытталған жиренішті ұстанымының әр платформада айыпталу керектігін атап айтқан Бегеч «Террор ұйымы PKK/PYD, DEAŞ және Боко Харам сияқты ұйымдар әйелдер мен қыз балаларға жыныстық шабуыл жасауда, өз қатарындағы әйелдердің өзін зорлауда. Жыныстық шабуылмен бала көтерген әйелдердің балалары түсіріліп, қатыгездік көрсетілуде» деді.

Сириядағы жыныстық шабуыл оқиғаларына да назар аударған Бегеч жыныстық шабуылдың әртүрлі топтар тарапынан террор мен жәбірлеу тактикасы ретінде қолданылғанын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар