Трамп FBI директоры Джеймс Комейді міндеттен босатты

Ақ Үй жасаған мәлімдемеде Әділет министрі Джефф Сешнстің ұсынысымен Комейдің міндеттен босатылғаны атап көрсетілді.

729267
Трамп FBI директоры Джеймс Комейді міндеттен босатты

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Федералдық тергеу бюросының (FBI) директоры Джеймс Комейді міндеттен босатты.

Ақ Үй жасаған мәлімдемеде Әділет министрі Джефф Сешнс пен министр орынбасары Руд Росенстейннің ұсынысымен Комейдің міндеттен босатылғаны атап көрсетілді.

Трамп Комейдің міндеттен босатылуына «ұйымға басшылық жасай алмайтынын» себеп ретінде көрсетті.

Джеймс Комей болса міндеттен босатылғанын телеарналардан үйренгенін білдірді.

Трамптың сайлау науқаны мен Ресейдің байланысын зерттеген FBI бұрынғы директоры Комей Хилларий Клинтонның электронды пошта жанжалымен байланысты тергеуді де басқарған болатын.

Әділет министрлігі Комейдің Клинтонның электронды пошта жанжалымен байланысты тергеуді қоғам алдында тінтіп, министрліктің принциптері мен ережелеріне қарама-қайшы қозғалғанын алға тартады.

Өткен апта АҚШ Сенатында сенаторлардың тергеумен байланысты сұрақтарына жауап қайтарған Джеймс Комей 2013 жылының қыркүйек айында бұрынғы президент Барак Обама тарапынан тағайындалған болатын.

Демократия партиясы болса Ресейдің АҚШ-та 8 қараша күні болып өткен сайлауымен байланысты жүргізілген тергеуге тәуелсіз арнайы прокурор шақырылу керектігін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар