Оңтүстік Кореяның жаңа басшысы Мун Чжэ Ин

Оңтүстік Кореяда болып өткен президенттік сайлаудың алғашқы қорытындысының артынан Мун Чжэ Ин жеңісін жариялады.

729205
Оңтүстік Кореяның жаңа басшысы Мун Чжэ Ин

Оңтүстік Кореяда болып өткен президенттік сайлаудың алғашқы қорытындысының артынан Мун Чжэ Ин жеңісін жариялады.

Солтүстік Кореямен ынтымақтастықты жақтайтын Мун Чжэ Ин жасаған мәлімдемеде баршаның басшысы болатынын атап көрсетті.

Мун «Әділ және қосылған бір ел құраймын. Маған қолдау бермегендердің де басшысы боламын» деді.

Ұлттық сайлау комиссиясы жариялаған соңғы мағлұматтарға қарағанда елдегі дауыстардың 48 пайызы санаққа алынды.

Мун Чжэ Ин қазірге дейінгі бейресми қорытындыға қарағанда дауыстардың 39.6 пайызын жинады.

Мунға ең жақын қарсыласы Хон Чжун Пхё 26,3 пайыз жинап екінші орын алды.

Оңтүстік Кореяда сайлауға қатысушылар көрсеткіші 77,2 пайызды құрады. Қатысқан сайлаушы саны елдегі соңғы 20 жылдың рекордын жасады.

4 мамыр күні басталған дауыс беру жұмыстары қатысушылар санын арттыру үшін 5 күнге жалғасты.

Сайлау қорытындысының нақтылануымен Мун Чжэ Иннің бүгін ант ішіп міндетін бастауы күтіледі.

Жаңадан құрған Демократия партиясы басшысы 64 жасар Мун Чжэ Ин сайлау науқаны аясында қазіргі Оңтүстік Корея әкімшілігінің керісінше Солтүстік Кореямен байланыстардың арттырылатын уәде еткен болатын.

Бұрынғы адам құқықтары адвокаты болған Мун Чжэ Иннің тағы бір уәдесі болса экономиканың жандандырылуы үшін 10 триллион вондық (шамамен 8.8 миллиард АҚШ доллары) қосымша бір бюджет дайындау.

Солтүстік Корея текті босқын бір жанұяның баласы ретінде Мун Чжэ Ин 1970 жылдарда қатысқан студент шерулері себепті тұтқындалып, кейін Оңтүстік Корея арнайы жасақтарында міндет атқарған соң адам құқықтары адвокаты болған еді.

Заңсыздық жасағаны және міндетін талғамсыз пайдаланумен айыпталған Оңтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Пак Кын Хе наурыз айынан бастап міндеттен кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар