Суматра аралындағы түрмеден 448 тұтқын қашқан

Әділет және гуманитарлық құқық министрі қашқан тұтқындардың 269-ының ұсталғанын мәлімдеді.

727862
Суматра аралындағы түрмеден 448 тұтқын қашқан

Индонезияда жұма күні Суматра аралындағы түрмеден қашқан тұтқын санының 448 екені ортаға шықты.

Индонезия Әділет және гуманитарлық құқық қорғау министрі Ясонна Лаоли Сиаланг Бунгкук түрмесінен қашқандармен байланысты жасаған мәлімдемеде «Жұма күні түрмеде шыққан бүлікте 448 тұтқынның қашқаны анықталды. Индонезияда қазірге дейін тұңғыш рет осыншама көп тұтқын қашты» деді.

Лаоли қашқан тұтқындардың қазірге дейін 269-ының ұсталып, түрмеге қамалғанын атап айтты.

Әлі қашып жүрген 179 тұтқынды ұстау үшін жұмыстардың жалғасқанын атап көрсеткен Лаоли қашқындарды берілуге шақырды.

Сиаланг Бунгкук түрмесінде 561 адамдық түрмеде 800 тұтқын қамаулы.

Су мен азық-түлік сияқты қажеттіліктер толық қамтамасыз етіле алмаған түрмеде күзетшілердің жәбірлеуі де тұтқындардың қашуына себеп болады.

Өткен апта түрмеде жұма намазы үшін түрме есіктерінің ашылуымен қызметкерлер мен тұтқындар арасында бүлік шығып, көптеген тұтқын қашқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар