35 кенші қаза тапты

Елде үш күндік аза жарияланды.

725575
35 кенші қаза тапты

Иранның солтүстіктері уәлаяттарының бірі Гүлистанға қарасты Азершехр қаласындағы Земестан Юрт көмір шахтасында жарылыс болып, үйінді астында 35 кенші қаза тапты.

Иран Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Али Ребии «Өкінішке орай үйінді астында қалған кеншілер көз жұмды» деді.

Шахтадан әзірге 21 кеншінің денесі шығарылды.

Иран Қызыл жарты ай қоғамы іздеу бөлімі басшысы Шахин Фетхи түскі уақытта болған жарылыстан кейін үйінді астында қалған 40-тан астам кеншіден алтауының жаралы құтқарылғанын білдірген болатын.

Елде үш күндік аза жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар