Ауғанстандағы операцияда 18 террорист өлтірілді

Ауғанстанның Багдис уәлаятында Талибанға бағытталған және шамамен 1 апта бұрын басталған операция аяқталды.

722296
Ауғанстандағы операцияда 18 террорист өлтірілді

Ауғанстанның батысындағы Багдис уәлаятында Талибан ұйымына бағытталған және шамамен 1 апта бұрын басталған операция аяқталды.

Багдис Әскери жасақтары қолбасшысы Шир Хамза Дарбанди қауіпсіздік күштерінің Багдистің Бала Мургаб ауданында Талибан ұйымына қарсы жүргізілген операция барысында 18 террористтің өлтірілгенін, 29 террористтің жарақат алғанын білдірді.

Дарбанди сондай-ақ операция кезінде шыққан қақтығыстарда 4 қауіпсіздік қызметкерінің опат болғанын 2 қауіпсіздік қызметкерінің де жарақат алғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар