Нью-Йоркте екі қабатты үй өртенді

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына қарасты Куинс аймағындағы бір үйде шыққан өртте 5 адам қаза тапты.

719166
Нью-Йоркте екі қабатты үй өртенді

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласының Куинс аймағында екі қабатты бір үйде шыққан өртте 3 бала барлығы 5 адам қаза тапты.

Өрт сөндіру мекемесі басшысы Даниэль Нигро өртте қаза тапқан ең кішкентай баланың 2 жасар екенін атап, кейбір өрт сөндіру қызметкерлерінің де жарақат алғанын білдірді.

Нигро куәгерлердің жарылыс дауысы естігенін айтуына қарамастан оқиғаның бір жарылыс сияқты көрінбегенін атап айтты.

Үйдің екінші қабатындағы терезеден секірген 46 жасар бір адамның құтылғанын атап көрсеткен Нигро ағаш терезелердің бірден өртенгенін және өрт сөндіру топтары оқиға орнына барғанда, алаудың үйге толығымен тарағанын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар