Мысыр мен АҚШ ортақ әскери жаттығу жасай бастады

Мысыр мен АҚШ-тың  ортақ әскери жаттығуы бірнеше күн жалғасады.

719062
Мысыр мен АҚШ ортақ әскери жаттығу жасай бастады

Мысыр және Америка Құрама Штаттары Қызыл теңізде ортақ әскери жаттығу жасай бастады. Екі елдің ортақ әскери жаттығуы бірнеше күн жалғасады.

Мысыр армиясынан жасалған жазбаша мәлімдемесінде Мысыр пен АҚШ теңіз күштерінің Қызыл теңіз су айдынында «Бүркіттің сәлемі 2017»атты ортақ әскери жаттығуға бастағаны білдірілді.

Мәлімдемеді жаттығуда Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Пәкістан және Италия бақылаушы ел ретінде орын алатыны білдірілді. Сонымен қатар мәлімдемеде бұл жаттығудың бауырлас және дос елдер арасында әскери қабілеттердің дамытылуы және тәжірибелердің алмастырылуы үшін ұйымдастырылғаны баяндалды.

Мәлімдемеде жаттығудың АҚШ пен Мысыр қарулы күштері арасындағы ынтымақтастық төзімділігін қолдау және теңіз күштерінде соңғы жүйелердің қолданылуы мақсат етілгені түсіндірілді. 



Ұқсас жаңалықтар