Женевада бас қосады

Ресей, АҚШ және БҰҰ өкілдері Сирия мәселесін талқылайды.

714412
Женевада бас қосады

Ресей, Америка Құрама Штаттары мен БҰҰ Сирия мәселесін талқылау мақсатымен келесі апта Женевада жиналыс өткізеді.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов Мәскеу және Вашингтон өкілдерінің Сириядағы дағдарысты талқылау мақсатымен Женевада бас қосатынын білдірді.

Екі ел дипломаттарына қоса жиналысқа БҰҰ өкілі де қатысады.

Соғыс басталғалы жеті жыл болатын Сирияда Ресей - Дамаск билігінің ең маңызды қолдаушысы. АҚШ болса оппозиционерлерді қолдайды және Башар Асадқа жылы қарамайды.

Екі апта бұрын Идлибтегі химиялық қарумен шабуылда 100 шақты адам қаза тапқаннан кейін АҚШ Сирия билігінің бір базасын бомбалаған еді.

Осы оқиғада АҚШ пен Ресей қайтадан бетпе-бет келді.



Ұқсас жаңалықтар