Сириядағы қақтығыс аймағынан 2 мың 350 адам эвакуацияланды

Сирияның Зебадани ауданы толығымен эвакуацияланды.

712776
Сириядағы қақтығыс аймағынан 2 мың 350 адам эвакуацияланды

Сирияда оппозиционерлер мен Сирия режимі арасында қоршауға алынған аймақтардан екі жақты эвакуациялауды қамтыған келісім аясында Мадая және Зебаданиден 2 мың 350 адам эвакуацияланды.

Дамасктың батысында режимнің қоршауы астындағы Мадая ауданынан 2 мың 200 және Зебадани ауданынан 150 әскери оппозиционер мен бейбіт халық мінген автобустар азанғы уақытта қозғалды.

Зебадани ауданы толығымен эвакуацияланса, Мадаяда 4 мыңдай оппозиционер мен жазықсыз адам қалды.

Мадая және Зебаниден шыққан көліктер Идлибке қарай бет алды.

Эвакуацияланғандар Идлиб қала орталығы мен солтүстік ауылдық аймақтардағы лагерлерге орналастырылды.

Оппозиционерлердің бақылауындағы Идлиб қаласында режим күштері қоршауға алған Фуа мен Кефрея аудандарынан болса әскери және бейбіт адамдардан тұратын 8 мың адам эвакуацияланады.

Азанғы уақытта жасалған алғашқы эвакуациялауда 4 мың адам режим бақылауындағы Алеппо орталығына қарай бағыт алды.

Шамамен 15 мың адам өмір сүрген және шиіт тұрғынға ие Фуа мен Кефреяны Хизбаллах пен Иран төңкеріс сарбаздары бақылауға алып отыр.



Ұқсас жаңалықтар