Ирак бөлінбейді

Ирак премьер-министрі Абади «Ирактықтар бөлінбейді» деді.

710664
Ирак бөлінбейді

Ирак премьер-министрі Хайдар әл Абади мемлекетінде Америка Құрама Штаттарына тиесілі әскери базасының қолданылуының тілге тиек емес екенін айтты.

Ирак премьер-министрі Бағдатта ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында АҚШ-қа база бермейтінін білдіріп, «Коалицияға қарасты ұшақтар көрші елдердің базаларынан келуде. Бұрын базаны АҚШ басқарушы еді. Қазір болса Ирак өзі басқаруда. АҚШ-тың бұл жерде 5 мың  200-дей әскері бар. Алайда бұлардың ешқайсысы құрлықта соғыспауда. Бұлар ақылшы, машықтандыру және білім беру сынды жұмыс істеуде» деді.

Абади коалиция күштеріне тиесілі 3 және 4 мың арасында әскер бар екенін айтты.

Ирак премьер-министрі Киркүктегі байрақ дағдарысымен байланысты Киркүк губернаторы Бағдатқа барғанын, сондай-ақ Ирак күрд аймақтық әкімшілігі делегациясымен сөйлескенін баяндады.

Ирактың бөлінбейтінін де түсіндірген Абади «Ирактықтар бөлінбейді. Оңтүстіктегі азаматтар Мосулдағы бауырластары үшін жылу жинауда» деген сөздер қолданды. 


Этикеттер: #Ирак , #АҚШ , #Бағдат

Ұқсас жаңалықтар