Халықаралық қоғам АҚШ-тың операциясын қолдады

Еуроодақ Кеңесі төрағасы Дональд Туск мәлімдеме жасады.

708013
Халықаралық қоғам АҚШ-тың операциясын қолдады

Еуроодақ Кеңесі төрағасы Дональд Туск АҚШ-тың Сирия шабуылының артынан жасаған мәлімдемеде Еуроодақтың Сириядағы жауыздықты жою үшін АҚШ-пен бірге жұмыстана алатынын білдірді.

Туск «АҚШ шабуылы опасыз химиялық қару шабуылына қарсы тұрақтылықтың шарт екенін көрсетті» деді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг болса АҚШ-тың Сирия әскери базасының бомбалануымен байланысты мәлімдемесінде «Бұл жаңалықтың бар жауапкершілігі Сирия режимінің мойынында. Кезкелген химиялық қару қолданысы қабылданбайды және жауапкерлерін жазалау керек» деді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху болса Сирия режиміне химиялық қару қолдану тақырыбында ең мықты жауапты қайтарған АҚШ президенті Дональд Трамптың операция шешімін қолдағандарын мәлімдеді.

Ресей де БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін жедел түрде жиналысқа шақырды.

Сауд Арабиясы және Ұлыбритания АҚШ-тың Сирияда режимге тиесілі әскери базаға жасаған операцияға толық қолдау бергенін жарияласа, Иран шабуылды айыптағанын жариялады.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро АҚШ-тың Сирияда әуе базасын атуының артынан Асад режиміне қарсы бір ескерту екенін білдірді.

Ресей мен Иранның Сирия мемлекет басшысы Башар Асадты қолдауының мағынасыз екенін байқау керектігіне назар аударған Эро «Женевада мұның алдында қабылданған шешімдерді іске қосатын уақыт келді. Сирияда саяси уақытша кезең үшін шынайы және ықпалды келіссөздерді қайтадан бастау керек» деді.

Эро сондай-ақ әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемемен Асадтың «соғыс қылмыскері» ретінде сотталу керектігін де алға тартты.

Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Сириядағы жаңалықтардың жалғыз жауапкерінің Асад екенін атап көрсетті.

Екі басшы жасаған ортақ баспасөз жиналысында халықаралық қоғамға шақыру тастап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 нөмірлі шешіміне және Женева келісіміне сәйкес халықаралық қоғамның Сирияда саяси кезеңге өту үшін күш жұмсау керектігін баса айтты.

Операцияға сондай-ақ Голландия, Польша, Австралия және Жапонияда қолдау берді.



Ұқсас жаңалықтар