Бір мектепке әуе шабуылы жасалды

Сирия адам құқықтары ұйымы растады.

696551
Бір мектепке әуе шабуылы жасалды

Америка Құрама Штаттары басшылығындағы коалиция  күштерінің Сирияның солтүстігіндегі бір мектепке жасаған әуе шабуылында 33 адам опат болды.

Оппозицияға жақындығымен танымал Сирия адам құқықтары ұйымының хабарламасында Мансура аймағында бейбіт халық паналаған бір мектепке әуе шабуылы жасалғаны айтылды.

АҚШ басшылығындағы каолиция күштерінің шабуылы кеше ертемен болды. Сирия адам құқықтары ұйымының құрушысы Рами Абдуррахман «Енді ғана 33 адам қаза тапқанын растадық. Қаза тапқандар Ракка, Алеппо және Хомустан қашқан бейбіт халық» деді.



Ұқсас жаңалықтар