600 миллион бала өлім және ауруға душар болады

ЮНИСЕФ Халықаралық Су күніне орай есеп жариялады.

696568
600 миллион бала өлім және ауруға душар болады

2040 жылы Жер шарындағы су тапшылығы салдарынан 600 миллион бала өлім және ауруға душар болады.

ЮНИСЕФ Халықаралық Су күніне орай есеп жариялады. Климат өзгерісі,  артып отырған қуаңшылық, әлемнің көптеген жеріндегі қақтығыстар салдарынан таза ауыз су көздерінің азаюының балаларға әсеріне назар аударды.

Есепке қарағанда,  суға деген сұраныс жыл сайын артып отыр. Алайда сенімді су көздері азаюда. Бүгінгі таңда Жер шарында 36 ел «су тапшылығында».

Күн сайын жасы бестен төмен 800-ден астам бала таза су және гигиена жетіспегендіктен қайтыс болып отыр. Су көздерінің азаюына байланысты 2040 жылға дейін Жер шарында әрбір 4 баланың бірі, яғни 600 миллион бала өлім немесе ауру қаупіне душар болады.

Қуаңшылыққа байланысты тапшылық болып отырған Сомали,  Оңтүстік Судан және Нигерия сынды елдерде 1,4 миллион бала өлім қаупімен бетпе-бет.

 



Ұқсас жаңалықтар