Әскери жаттығу басталды

"Eagle Resolve 2017" әскери жаттығуы кеше Кувейтте басталды.

694989
Әскери жаттығу басталды

Америка Құрама Штаттары мен Шығанақ елдері ұйымдастырған "Eagle Resolve 2017" әскери жаттығуы кеше Кувейтте басталды.

Өңірлік және халықаралық деңгейдегі ауқымды оқу-жаттығулардың бірі "Eagle Resolve 2017" өңірдегі қауіп-қатерлермен күресті мақсат етеді.

Жаттығу арқылы Шығанақ Ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер мен АҚШ арасындағы аймақтық қорғанысты күшейту және ортақ операциялар саласындағы тәжірибе бөлісу мақсат етілуде. Жаттығуда Шығанақ елдерінің ішкі істер министрліктері, ұлттық сақшылары мен армия қолбасшылары орын алуда.

Сауд Арабиясы, Кувейт, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері мен АҚШ қатысқан жаттығу 6 сәуірге дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар