АҚШ ұшақтары намаз оқып жатқан жамағатты қырды

АҚШ соғыс ұшақтары Сирияның Этариб ауданына қарасты Джина ауылында 200-300 адам намаз оқыған бір мешітке шабуылдады.

693373
АҚШ ұшақтары намаз оқып жатқан жамағатты қырды

Сирияның Халеб қаласының Этариб ауданына қарасты Джина ауылында бір мешітке құптан намазы кезінде жасалған әуе шабуылында 58 адам қаза тапты.

Ондаған адам жарақат алған шабуылда азаматтық қорғаныс топтары мешіттің үйінділер астында қалғандарды іздеу құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

200 мен 300 арасында адам бар мешітке жасалған шабуылда қаза тапқандар санының арту ықтималы алаңдатады.

Басқа жағынан шабуылды АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы CENTCOM-ға қарасты соғыс ұшақтарының жасағаны ортаға шықты.

Тақырыппен байланысты алғашқы мәлімдемесінде аталмыш шабуылдың Идлибте жасалғанын атап көрсеткен CENTCOM лауазымдысы шабуылдың Идлибке емес Халебтің Джина ауылы маңына жасалғанын мойындады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі мен CENTCOM аталмыш оқиғаны тергегендерін және егжей-тегжейлі мәлімдеме жасалатынын атап көрсетті, шабуылдың аталмыш мешітке жасалған болуы мүмкін екенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар