АҚШ-тың солтүстігінде төтенше жағдай жарияланды

Ақ түтек боран АҚШ-тың солтүстігінде 18 миллион адамға болымсыз ықпал етті.

691913
АҚШ-тың солтүстігінде төтенше жағдай жарияланды

Америка Құрама Штаттарының солтүстігінде 18 миллион адамға болымсыз ықпал еткен ақ түтек боран себепті Нью-Йорк пен төңірегіндегі 4 штатта төтенше жағдай жарияланды.

Миллиондаған адам ақ түтек боранның салдарынан үйінен шыға алмады. Көптеген қалада қоғамдық көліктер тоқтады, мектептерде демалыс жарияланды.

Аймақта Күн-райының күрт бұзылуынан дүйсенбі түнгі уақытта бастап сәрсенбі күні азанғы уақытқа дейін шамамен 7 мың 800 әуе рейсінің кейінге қалдырылғаны жарияланды.

Ел билігі қарлы боран мен бет қаратпас аязға байланысты жаппай жолдарды жабуға нұсқау беруде. Нью-Йоркта метро қызметі тоқтаса, Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі автобус сапарларының тоқтатылғаны білдірілді.

Коннектикут штатындағы барлық автожолдар азанғы уақытта қызмет көліктерінен басқасына жабылды.

АҚШ-тың солтүстік жаңалауындағы жел жылдамдығының 80-100 шақырымға дейін ұласатыны ескертілді.

АҚШ президенті Дональд Трамп болса әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеме жасап, «Шығыс жағалауында өмір сүргендер қарлы боран себепті абайлаңдар, жергілікті әкімшіліктердің ескертулерін назарға алыңдар» деп ескертті.

АҚШ-тың шығыс жағалауларына кері әсер еткен «Stella» дауылы себепті Вашингтонда 5 мың үй жарықсыз қалды.



Ұқсас жаңалықтар