АҚШ ДАИШ-ті жеңу жоспарының дайын емес екенін білдірді

АҚШ Ресейге қоса кезкелген елмен ынтымақтастықтың назардан тыс қалдырмайтынын мәлімдеді.

690801
АҚШ ДАИШ-ті жеңу жоспарының дайын емес екенін білдірді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) террор ұйымы ДАИШ-пен күресте Ресейге қоса кезкелген елмен ынтымақтастықты назардан тыс қалдырмайтындарын жариялады.

Ақ Үй әкімшілігіндегі күнделікті баспасөз жиналысында Сирия және ДАИШ-пен күрес жайлы сұрақтарға жауап қайтарған мәлімдемеші Шон Спайсер Ресеймен ынтымақтастық қақпасының жабық емес екенін білдірді.

Шон Спайсер ДАИШ террор ұйымымен күрес жоспарының нақты түрде толықпағанын, сондықтан Сирия тақырыбында Ресейге қоса кезкелген бір елмен ынтымақтастықтың назардан тыс қалмайтынын атап көрсетті.

Спайсер Сирияда Ресеймен ынтымақтастықтың әлі мүмкін болып болмағаны жайлы сұраққа «ДАИШ-пен күрес үшін дайындалған жоспар әлі толыққан жоқ. Қорғаныс министрі Маттис басты прициптер жайлы ақпарат бөлісті, дегенмен жоспар туралы жұмыстар жалғасуда. Мұның алдында президент Дональд Трамп террор ұйымы ДАИШ-ті жеңу тақырыбындағы уәдемізді бөлісетін кезкелген елмен ортақ уайымдар төңірегінде жұмыстана алатынымызды тілге тиек еткен болатын, біз де солай жасамақшымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар