Израиль әскерлері әйел депутатты қамауға алды

Үйді тінткен әскерлер Халайыканы белгісіз бір жерге алып кетті.

687802
Израиль әскерлері әйел депутатты қамауға алды

Израиль әскерлері Батыс Шерияның оңтүстігіндегі Әл Халил маңында Палестина Заң шығару мәжілісіне мүше бір әйел депутатты қамауға алды.

Хамасқа қарасты Өзгеріс және жаңалау блогынан жасалған мәлімдемеге қарағанда,  Израиль күштері таңертең депутат Семира әл Халайыканың үйіне басқын жасады.

Үйді тінткен әскерлер Халайыканы белгісіз бір жерге алып кетті.

Израиль әскерлері аптаның басында да Бейтуллахим қаласында екі депутатты қамауға алған болатын.

Израильдың қамауында жатқан палестина депутаттарының саны онға жетті.



Ұқсас жаңалықтар