Сириялықтар Әл-Бабқа орала бастады

Халебтің Әл-Баб ауданында халық тіршілігін жалғастыруға тырысуда.

685465
Сириялықтар Әл-Бабқа орала бастады

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ террор ұйымынан асат етілген Халебтің Әл-Баб ауданында халық тіршілігін жалғастыруға тырысады.

Көшелер мен даңғылдарда күн өткен сайын халықтың тіршілігі жандана бастады.  Әл-Бабтың дүкендері ашылып, жылжымалы жанармай сатушыларының жанармай сатқаны байқалды.

Мина мен жарылғыш материалдардан тазаланған аймақтарға қайтып оралған сириялықтар қираған үйлерінің үйінділері арасынан заттарын шығаруға тырысады.



Ұқсас жаңалықтар