Франция Альпісіндегі шаңғы орталығы қар көшкіні астында қалды

Жергілікті төтенше жағдайлар басқармасы көптеген адамның қар көшкіні астында қалғанын жариялады.

686396
Франция Альпісіндегі шаңғы орталығы қар көшкіні астында қалды

Италия шекарасы маңындағы Франция Альпісіндегі Тигнес шаңғы орталығы қар көшкіні астында қалды.

Жергілікті төтенше жағдай құтқару топтары көптеген адамның қар көшкіні астында қалғанын жариялады.

Аймақта іздеу құтқару топтары мен іздестіру иттері жіберілді. Көру қашықтығының аздығына байланысты аймаққа тікұшақтар жіберіле алмағаны мәлімденді.

Қардың жергілікті уақытпен сағат 10:00-да көшкені білдірілді.

Аталмыш аймақта 13 ақпан күні де қар көшкіні болып, 4 шаңғышы қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар