Солтүстік Корея 4 баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

Солтүстік Корея барлық наразылықтарға қарамастан ядролық сынақтарын жалғастыруда.

685453
Солтүстік Корея 4 баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

Пхеньян әкімшілігі жексенбі (кеше) күні кешкі уақытта 4 зымыран сынағын жүзеге асырды.

Жапон теңізіне құлаған зымырандардың қашықтығы қысқа болса да, саяси қашықтығы ұзақ болды.

Сондықтан алғашқы наразылық Америка құрама Штаттарынан келді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Америка Құрама Штаттары Корея Демократиялық Халық Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі ережелерін бұзып, бүгін кешкі уақытта жасаған баллистикалық зымыран сынағын қатаң түрде айыптайды» делінді.

Министрлік мәлімдемешісі Марк Тонер АҚШ-тың өзін және одақтастарын шабуылдарға қарсы қорғау және бұл қауіпті жою үшін барлық қабілеттерін қолдануға дайын екенін жариялады.

Жапония және Оңтүстік Корея да жаңа зымыран сынақтары себепті Солтүстік Кореяны айыптады.

Оңтүстік Корея Бас Штаб Басқармасы, Жапон теңізіне қарай шамамен 1000 шақырым қашықтықты ұшқан зымырандарының түрін бағалағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар