Ресей мен Қытай Сирияға санкция жобасын вето етті
БҰҰ және "OPCW" дайындаған рапорт негізінде дауысқа салынған Асад режиміне санкция жасау жобасы вето етілді.
Ресей мен Қытай Сирияда химиялық қару шабуылы жасағаны анықталған Асад режиміне қарсы санкция жасалуы талап етілген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шешім жобасын вето етті.
Сирияда химиялық қару қолданған тараптарды анықтау мақсатты БҰҰ және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым (OPCW) тарапынан дайындалған рапорт Асад режимінің 3 рет химиялық қару қолданғанын ортаға қойды.
Бұл рапорт аясында қозғалған Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және Франция Сирияда химиялық қару шабуылдарына қатысы бар екені анықталғандарға санкция жасалуын талап еткен бір жоба дайындады.
Желтоқсан айынан бері жалғасқан келіссөздер мен Ресейді көндіру жұмыстарының артынан Кеңесте дауысқа салынған шешім жобасы Ресей мен Қытай тарапынан вето етілді.
Жоба үшін вето жауапкершілігі болмаған Боливия болымсыз дауыс берсе, Эфиопия, Мысыр және Қазақстан қалыс қалды. 9 ел болса жобаны жақтады.
Ұқсас жаңалықтар
Израильдің Сирияға шабуыл жасағаны атап көрсетілді
Израиль мен Сирия әкімшілігі бұл мәселеге қатысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ.
Путин мен Си Цзиньпин не туралы келісе алмады?
«Financial Times» газеті басшылардың табиғи газ сатылымы тақырыбында келісе алмағанын хабарлады.