Мосул қаласы маңында топтық мазар табылды

Топтық мазарда 4 мың адамның сүйегі болуы мүмкін екені алға тартылды.

680798
Мосул қаласы маңында топтық мазар табылды

Мосул қаласы маңында топтық мазар табылды.

Топтық мазарда 4 мың адамның сүйегі болуы мүмкін екені алға тартылды.

Мосыл-Бағдат жолы бойында, Мосул қаласына 8 км қашықтықтағы топтық мазар Иракта ДАИШ террорының ең ірі топтық мазары болуы мүмкін.

Ирак күштері бақылауына өткен аймаққа барған ағылшын «Telegraph» газетіне мәлімдеме берген куәгерлер көптеген адамның атылып, шұңқырға лақтырылғанын айтты.

Қырғын 2014 жылдың аяғында болған болуы мүмкін. ДАИШ бұл адамдарды түрлі көлікпен осы жерге әкеліп өлтірген. Куәгерлер өлтірілген адамдардың көздері мен қолдарының байлаулы болғанын айтады.

Газеттің жазғанына қарағанда террорлық ұйым полиция мен әскери қызметкерлерді қала қолға түскеннен алты айдан кейін өлтіре бастаған. ДАИШ Мосул қаласын 2014 жылдың 10 маусым күні қолға түсірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар