Франция полициясы Ұлттық майдан партиясына басқын жасады

Президенттік сайлау сауалнамаларына қарағанда бірінші орындағы Ұлттық майдан партиясы полицияның қысымында.

676641
Франция полициясы Ұлттық майдан партиясына басқын жасады

Француз полициясы Марин Ле Пен басшылық жасаған радикал оңшыл Ұлттық майдан партиясының Париждегі орталығына басқын жасап, тергеу жүргізді.

Полиция басқыны Ле Пеннің Еуропа парламентінде 2 қиялы кеңесші жұмысқа қабылдағаны айыптауына қатысты жасалды.

Еуропа парламентінің заңсыздықпен күрес органы «OLAF» Ле Пеннің қорғаушысы мен жақын бір досының кеңесшілік жасамаса да, кеңесшілік қызметімен айлық алғандарын ортаға шығарған болатын.

Ұлттық майдан жасаған мәлімдемеге қарағанда басқынның сайлау науқанына кері әсер ету мақсатымен жасалғанын алға тартты.

Соңғы сауалнамаларға қарағанда Ле Пен сәуір айында өтетін президенттік сайлауда бірінші орында.



Ұқсас жаңалықтар