Солтүстік Корея басшысының өгей ағасы өлтірілді

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның өгей ағасы Ким Чон Намның өлтірілгенін алға тартылды.

672763
Солтүстік Корея басшысының өгей ағасы өлтірілді

Оңтүстік Корея барлау ұйымы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның өгей ағасы Ким Чон Намның Малайзияда Солтүстік Кореялық екі тыңшы тарапынан өлтірілгенін алға тартты.

Оңтүстік Кореялық депутаттарға мәлімет берген Оңтүстік барлау ұйымы қызметкерлері Ким Чон Намның Солтүстік Кореялық екі әйел тыңшы тарапынан улап өлтірілгенін білдірді.

Малайзиялық бір лауазымды Ким Чон Намның Куала-Лумпур әуежайында улап өлтірілгенін білдірді.

Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің ең үлкен баласы Ким Чон Нам біраз уақыттан бері айдауда болатын. Чон Нам 1998-2001 жылдары арасында әкесі тарапынан елдің болашақ басшысы ретінде бағаланатын.

Бірақ Ким Чон Намның жасанды паспортпен жасырын түрде Жапонияға баруы және 2001 жылы Диснейлендке бару әрекеті әкесінің назарында оның құнын түсірген еді.

Айдауда өмір сүрген Ким Чон Нам Солтүстік Корея режимін сынға алып, билікке реформа енгізу керектігін айтып жүретін.



Ұқсас жаңалықтар