АҚШ Сирияда құрамында уран бар оқ-дәрілер қолданды

CENTCOM мәлімдемешісі мыңбасы Джош Жакс тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

672875
АҚШ Сирияда құрамында уран бар оқ-дәрілер қолданды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ), 2015 жылы қараша айында Сирияда ДАИШ-тің жанармай танкеріне бағытталған әуе шабуылдарында құрамында азайтылған уран бар оқ-дәрі қолданылғанын растады.

Тақырыппен байланысты Анадолы агенттігіне мәлімдемелер жасаған АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдемешілерінің бірі мыңбасы Джош Жакс 16-22 қараша күндері арасында ДАИШ террор ұйымының жанармай танкерлеріне бағытталған шабуылдарда 5 мың 265 дана құрамында азайтылған уран бар сауыт тесуші өрт оғының қолданылғанын атап айтты.

Оқ-дәрілерде бестен бір мөлшерінде уран қолданылғанын атап көрсеткен мәлімдемеші «2015 жылы 16 қараша күні төрт дана А-10 бомбашы ұшақ жалпы мың 490 дана 30 мм құрамында уран бар бомба мен зымыран қолданып, 46 дұшпан көлігін жойды» деді.

Мәлімдемеші 22 қараша күні де тағы 4 А-10 ұшағының 3 мың 775 дана құрамында уран бар оқ-дәрімен, бомба және зымыран қолданып, 293 ДАИШ көлігін жойғаны жөнінде ақпарат бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар