Ислам ынтымақтастық ұйымы Дохада жиналыс өткізді

Палестина және Иерусалимге қолдау мақсатты «Бурак декларациясы» атты бір құжат жарияланды.

665946
Ислам ынтымақтастық ұйымы Дохада жиналыс өткізді

Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) Катардың астанасы Дохада Палестина және Иерусалимге қолдау мақсатты «Бурак декларациясы» атты бір құжат жарияланды.

Дохада Катар премьер-министрі Абдуллах ибн Насыр Әл-Санидің басшылығында Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Гуманитарлық жәрдем қорлар бөлімшесі (OİCHF) құрамында Халықаралық гуманитарлық жәрдем форумы ұйымдастырылды.

Форум аясында «Иерусалимді қорғауды және Ислам әлемінің резервтерін, Иерусалим және сол жердегі гуманитарлық жобаларға қолдау беруді» нысанаға алған бір декларация жариялады.

ИЫҰ Гуманитарлық жәрдем қорлар бөлімшесі өкілетті кеңес төрағасы Абдулазиз ибн Абдуррахман Әл-Сани оқыған декларацияда мұсылман және арабтардың Иерусалимдегі құқына деген нанымға назар аударылды.

Форумда сондай-ақ Иерусалим мен Палестина мәселесін қолдау, су мәселесінің шешімі және ұйымға мүше елдердегі жетімдердің қажеттіктерін қамтамасыз ету үшін 4 жаңа гуманитарлық қор құрылды.



Ұқсас жаңалықтар