Сауд Арабиясының фрегатына жанкешті шабуыл жасалды

Йеменнің Хубейде порты маңындағы жанкешті шабуылда 2 әскер қаза тауып, 3 әскер жарақат алды.

662358
Сауд Арабиясының фрегатына жанкешті шабуыл жасалды

Қызыл теңізде күзетте жүрген Сауд Арабиясының фрегатына жанкешті шабуыл жасалды.

Йеменнің Хубейде порты маңындағы жанкешті шабуылда 2 әскер қаза тауып, 3 әскер жарақат алды.

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері қолбасшылығының мәлімдемесінде Сауд Арабиясы Теңіз күштері қолбасшылығына қарасты бір фрегатқа Хубейде портының батысында жанкешті шабуыл жасалғаны атап көрсетілді.

Жанкешті шабуылдың Хоуситтер тарапынан 3 үрлемелі қайықпен жасалғаны, қайықтардың бірінің фрегатқа артынан жақындап жарғаны, фрегаттың артында шыққан өрттің дәл кезінде тарамай өшірілгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар